Өзбекстанмен супер жекпе-жек. Төрт бірдей қазақ боксшының айқасына тікелей трансляция

©ҚБФ

Бүгін, 29 қазанда Белградта (Сербия) өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында төрт қазақстандық боксшы рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz. Төртеуі де 1/16 финалдық кездесулерін өткізеді. 

54 келіде Махмұд Сабырхан Оңтүстік Корея өкілі Ин Гю Киммен айқасады. Басталауы 18:30.

92 келіге дейін Айбек Оралбай 20:15-те польшалық Матеуш Березницкимен жұдырықтасады. 

Ал 22:45-те Саматәлі Төлтаев 60 келіде Хунатипу Пиднучуге (Тайланд) қарсы кездесу өткізеді.

00:15-те рингке 71 келіде өнер көрсететін Асыланбек Шымбергенов шығады, оның қарсыласы кәсіпқойдан оралған өзбек боксшы Шахрам Гиясов. 2016 жылғы Олимпиадада Өзбекстан өкілі Данияр Елеусіновтен жеңілген болатын.  

Qazsport жекпе-жектерді тікеелй көрсетеді. Трансляция мына сілтеме арқылы қолжетімді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport