Бокс
13 наурыз 10:40

Өзбекстанмен және Ресей қазағымен айқас! ӘЧ-дегі қазақстандықтардың жекпе-жегіне трансляция

©

Бүгін, 13 наурызда Сербияның Нише қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында ширек финалдық айқастар өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

18:00-де басталалтын күндізгі сессияда қазақстандық бес боксшы рингке шығады - екеуі А рингінде, ал тағы үшеуі В рингінде өнер көрсетеді. 

Қола жүлде кепілді түрде берілетін жартылай финалға жолдама үшін айқаста қазақстандық Виктория Графеева мен өзбекстандық Ситора Турдибековмен, ал Жасмин Қизатова ресейлік қазақ Альбина Молдажановамен жекпе-жек өткізетінін айта кетейік. 

Жекпе-жектер кестесі:

А рингі

54 кг: Жәйна Шекербекова - Сара Чиркович (Сербия), №4-жұп; 

60 кг: Виктория Графеева - Ситора Турдибекова (Өзбекстан), №6-жұп;

Ринг B

50 кг: Алуа Балқыбекова - Айсен Ташкин (Түркия), №2-жұп;

66 кг: Жасмин Қизатова - Альбина Молдажанова (Ресей), №7-жұп;

+81 кг: Елдана Тәліпова - Сара Милькович (Сербия), №11-жұп.

Тағы бес боксшымыз кешкі сессияда рингке шығады (22:00):

А рингі

57 кг: Карина Ибрагимова - Цай Ян (Қытай), №5-жұп;

75 кг: Надежда Рябец - Николина Гайич (Сербия), №12-жұп;

B рингі

48 кг: Назым Қызайбай - Тайонис Седеньо Рохас (Венесуэла), №1-жұп;

63 кг: Аида Әбікеева - Эсманур Лок (Түркия), №8-жұп;

70 кг: Наталья Богданова - Милена Матович (Сербия), №10-жұп. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport