Бүгін, 22 ақпанда Странджа кубогі атты халықаралық турнирде ринг төріне төрт қазақстандық боксшы шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бүгін Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары арасында бірінші айқас өтеді - Ертуған Зейнуллиновтің қарсыласы Мужибилло Турсунов болады.
Сонымен қоса, бүгін Ерасыл Танкай (60 келі), Нұрқанат Райыс (75) және Қамшыбек Қоңқабаев (+92) та рингке шығады. Ерасылдың қарсыласы филиппиндік Пол Джулайфер Баскон, Нұрқанат аустарлиялық Доминик Молинаромен қолғап түйістіреді, ал Қамшыбек Нидерланды елінің боксшысы Стэн Бертенспен бетпе-бет келеді.
Төрт боксшы да 17:00-де басталатын күндізгі сесияда жұдырықтасады.