Бүгін, 17 наурыз Нью-Делиде әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатының екінші жарыс күні басталады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қазақастан құрамасынан бүгін рингке екі боксшы шығады, екеуі де Астана уақытымен 18:30-да басталатын кешкі сессияда айқасады.
Алдымен 60 келіде өнер көрсететін Римма Волосенко өзбекстандық Ситора Турдибековамен А рингінде қолғап түйістіреді.
Одан кейін соңғы жұпта, В рингінде 81 келідегі Фариза Шолтай Тринидад және Тобаго елінің өкілі Лиэнн Будрэммен бетпе-бет келеді. Жекпе-жектердің трансляциясы Qazsport арнасының сайтында қолжетімді.