Бүгін, 19 маусымда Қытайдың Гуйян қаласында өтіп жатқан World Boxing ұйымының бокстан Әлем кубогының екінші кезеңінде ширек финалдық жекпе-жектер болады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жарыстың бесінші күні шаршы алаңға Қазақстан құрамасының сегіз өкілі шығады. Еске салайық, жартылай финалға жолдама алған боксшылар кем дегенде қола жүлдеге ие болады.
Таңғы сессия (09:00)
4-жұп. 60 келі, 1/4 финал. В рингі
Виктория Графеева – О Еон Джи (Оңтүстік Корея)
5-жұп. 70 келі, 1/4 финал. В рингі
Лаура Есенгелді – Ян Лю (Қытай, Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері)
7-жұп. 50 келі, 1/4 финал. А рингі
Санжар Тәшкенбай – Анваржан Ходжиев (Қырғызстан)
11-жұп. 70 келі, 1/4 финал. В рингі
Абылайхан Жүсіпов – Шавкатжон Болтаев (Өзбекстан, жастар арасындағы Азия чемпионы-2025)
13-жұп. 75 келі, 1/4 финал. А рингі
Тимур Нұрсейітов – Рами Киван (Болгария)
Кешкі сессия (15:30)
1-жұп. 51 келі, 1/4 финал. А рингі
Алуа Балқыбекова – Минакши Минашки (Үндістан, әлем чемпионы-2025)
3-жұп. 65 келі, 1/4 финал. А рингі
Аида Әбікеева – Марие Росендо (АҚШ)
11-жұп. 90 келіден жоғары, 1/4 финал. А рингі
Айбек Оралбай – Мэттью Уильямс (Англия)
Қытайдағы бокстан Әлем кубогының тікелей трансляциясы
Турнирдің тікелей трансляциясын World Boxing ұйымының ресми YouTube-арнасынан көруге болады.
Жарнама