Бокс
Бүгін 09:51

Өзбекстанмен бес айқас. АЧ-нің соңғы күні рингке Қазақстаның 11 боксшысы шығады

©instagram.com/boxingkazakhstan

Бүгін, 15 мамырда Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан бокстан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында U-17 санаты бойынша финалдық жекпе-жектер өтеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан құрамасынан турнирдің алтыны үшін 11 боксшы бақ сынайды. Финалда өзбекстандық спортшыларға қарсы бес тартысты кездесу өтпек.

Бозбалалар арасындағы финалдар:

50 келі: Нұрасыл Ғалым — Сүлд Усухбаатар (Моңғолия);
60 келі: Эмир Мұхит — Ахмадхон Абдусатторов (Өзбекстан);
63 келі: Мейіржан Жүніс — Рушен Сайдуллаев (Өзбекстан);
66 келі: Ислам Сүлейманоғлы — Баходир Холикулов (Өзбекстан);
80 келі: Әлібек Алпамыс — Самандарбек Умаров (Өзбекстан);
+80 келі: Сабыржан Сағым — Мохаммедясин Заир (Иран).

Қыздар арасындағы финалдар:

50 келі: Хатшепсут Садвакасова — Парвина Шакарова (Өзбекстан);
60 келі: Балым Ғабитқызы — Хинью Куи (Қытай);
66 келі: Аяулым Оспанова — Ди Жиао (Қытай);
75 келі: Диана Надырбек — Джиоти (Үндістан);
80 келі: Жансая Ержан — Ваншика (Үндістан).

Финалдық жекпе-жектер Қазақстан уақытымен сағат 11:00-де басталады.

Еске салайық, кеше 15 жасқа дейінгі боксшылар арасындағы Азия чемпионатының финалдары өткен болатын. Нәтижесінде Қазақстан құрамасы 24 жүлде жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте үшінші орынға тұрақтады. Қазақстан қоржынында 7 алтын, 8 күміс және 9 қола жүлде бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport