Бокс
6 сәуір 09:44

Өзбекстанмен айқастар: Қазақстандықтардың 1/2 финалдағы қарсыластары анықталды

©ҚР ҰОК

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының жартылай финалдық жұптары анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшылар түрлі салмақта финалға жолдама үшін айқасады.

Ерлер:
55 кг: Махмұт Сабырхан — Хархуу Билгуунсайхан (Моңғолия);
60 кг: Оразбек Асылқұлов — Абдурахмон Махмуджонов (Өзбекстан);
65 кг: Ертуған Зейнулинов — Бунджонг Синсири (Таиланд);
70 кг: Төрехан Сабырхан — Пейчен Ван (Қытай);
75 кг: Сабыржан Аққалықов — Далай Ганзориг (Моңғолия);
85 кг: Нұрбек Оралбай — Бариахаан Дорж (Моңғолия);
90 кг: Сағындық Тоғамбай — Халимжон Мамасолиев (Өзбекстан);
+90 кг: Айбек Оралбай — Довлет Исламов (Түрікменстан).

Әйелдер:
48 кг: Әйгерім Сәттібаева — Номундари Энх-Амгалан (Моңғолия);
70 кг: Бақыт Сейдіш — Алимире Абудурейиму (Қытай);
75 кг: Валентина Хальзова — Цзыи Бао (Қытай);
80 кг: Надежда Рябец — Пуджа Рани (Үндістан);
+80 кг: Дина Исламбекова — Олтиной Сотимбоева (Өзбекстан)

Айта кетейік, Азия чемпионаты World Boxing ұйымының қолдауымен өтіп жатыр және 10 сәуірге дейін жалғасады. Қазақстандық боксшылар қазірдің өзінде жүлдеге кепілдік алған, енді финалға жолдама және алтын үшін таласады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport