Бүгін, 24 ақпанда Софияда (Болгария) өтіп жатқан халықаралық беделді "Странджа кубогі - 2026" бокс турнирі аясында бірден 15 қазақстандық жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Рингке ерлер және әйелдер ұлттық құрамасының өкілдері шығады. Күндізгі және кешкі сессияларда бірнеше салмақ дәрежесі бойынша айқастар жоспарланған. Қазақстандық боксшылар қатысатын жекпе-жектердің тікелей трансляциясын мына сілтеме арқылы тамашалауға болады.
Күндізгі сессия
Басталуы: Қазақстан уақытымен 17:00
А рингі
51 кг (әйелдер): Жәзира Орақбаева — Фатиха Мансури (Алжир)
51 кг (әйелдер): Анита Адишева — Кейтлин Фрайерс (Ирландия)
70 кг (әйелдер): Мадина Нұршаева — Дилара Сак (Түркия)
B рингі
54 кг (әйелдер): Жайна Шекербекова — Тала Хаббас (Болгария)
54 кг (әйелдер): Әнел Сақыш — Энхжаргал Мунгунцэцэг (Моңғолия)
54 кг (әйелдер): Элина Базарова — Моник Сурачи (Аустрия)
55 кг (ерлер): Бағлан Кенжебек — Абдулазиз Абдуназаров (Өзбекстан)
55 кг (ерлер): Тимур Қабдешов — Лоренцо Патрицио (АҚШ)
Кешкі сессия
Басталуы: Қазақстан уақытымен 21:00
А рингі
65 кг (ерлер): Әбдікәрім Әбдіғалым — Абдуллох Мадаминов (Өзбекстан)
65 кг (ерлер): Илья Калинин — Заур Гахраманов (Әзірбайжан)
65 кг (ерлер): Ертуған Зейнуллинов — Джейсон Невин (Ирландия)
90 кг (ерлер): Дәулет Төлемісов — Семён Болдырев (Болгария)
B рингі
85 кг (ерлер): Сұлтанбек Айбарұлы — Саба Квиникадзе (Грузия)
85 кг (ерлер): Бекзат Таңатар — Паоло Карузо (Италия)
90 кг (ерлер): Нурмагамед Юсупов — Роселин Бачевски (Болгария)
"Странджа кубогі - 2026" турнирінде Қазақстан намысын 39 боксшы қорғайды - 19 ер және 20 әйел спортшы. Бірқатар салмақта ел намысын бірнеше спортшы қатар қорғайды.
Жарнама