Бокстан Қазақстан құрамасы World Boxing ұйымы Нью-Делиде (Үндістан) өткізген 2025 жылғы Әлем Кубогінің финалдық кезеңіндегі өнерін аяқтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бұл жарысқа Қазақстан ерлерден сегіз және бұрымдылардан бес боксшы апарды. Турнир нәтижесінде құрамамыз бір алтын, бір күміс және алты қола жеңіп алды.
Алтын жүлденің иегері 85 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Сұлтанбек Айбарұлы болды. Ол финалда Өзбекстан боксшысы Жасурбек Юлдошевті жеңді.
Күмісті70 килограмға дейінгі салмақтағы Нұрбек Мұрсал жеңіп алды. Ол шешуші жекпе-жекте ринг қожайыны Хитеш Хитешке есе жіберді.
Қола жүлде иегерлері:Әйелдер:
Жансая Рахымберді (51 келіге дейін)
Ұлжан Сәрсенбек (57 келіге дейін)
Диана Мағауияева (80 келіге дейін)
Әсел Тоқтасын (80 келіге жоғары)
Ерлер:
Санжарәлі Бегалиев (80 келіге дейін)
Даниял Сапарбай (90 келіден жоғары)