Бүгін, 9 желтоқсанда Қазақстан құрамасының алты боксшысы IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан әлем чемпионатында рингке шығады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жекпе-жектер күндізгі және кешкі сессия аясында өтеді. Әр сессияда үш қазақстандық рингке шығады. ЖЕкпе-жектердің тікелей көрсетілімі мына сілтеме арқылы қолжетімді болады.
Күндізгі сессия:
– 86 келіге дейін: Дәулет Төлемісов vs Акмалжон Исроилов (Өзбекстан);
– 54 келіге дейін: Сәкен Бибосынов vs Факи Исса Факи (Танзания);
– 63.5 келіге дейін: Ертуған Зейнуллинов vs Хосе Мануэль Агуйрэ Круз (IBA-PRO).
Кешкі сессия (22:00):
– 51 келіге дейін: Даниял Сәбит vs Леник Фернандес (Кабо-Верде);
– 57 келіге дейін: Оразбек Асылқұлов vs Мукело Дламини (Эсватини);
– 71 келіге дейін: Абылайхан Жүсіпов vs Александр Радионов (Беларусь).
Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионаты 4-тен 13 желтоқсан аралығы өтеді. Жеңімпаздар 300 000 доллардан, күміс жүлдегерлер 150 000 доллардан, ал қола жүлдегерлер 75 000 доллардан алады. Тіпті ширек финалға шыққан боксшылар да 10 000 доллар сыйақыға ие бола алады.
Жарнама