Бокс
Бүгін 16:34

Өзбекстандықтарға 5 жыл дес бермеген қазақ боксшы карьерасын аяқтады

©

2023 жылғы әлем чемпионы, Қазақстан бокс құрамасының бұрынғы капитаны болған Асыланбек Шымбергенов спорттық карьерасын аяқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Шымбергенов карьерасын аяқтады

32 жастағы боксшы рингке қайта оралу мүмкіндігін қарастырғанын, тіпті жаттығуға қайта кіріскенін айтты. Алайда ақырында спорттық карьерасын біржола аяқтау туралы шешім қабылдаған.

«Боксқа қайта ораламын деген ой болған. Тіпті, жаттығуды да қайта бастап көрдім. Бірақ, қолым жүрмеді. Сондықтан, кәсіби мансабымды аяқтаймын деп шештім. Бүгінде Жамбыл облысындағы кәсіби бокс клубында басшының орынбасары болып жұмыс істеп жүрмін», - деді Шымбергенов.

Асыланбектің жетістіктері

Шымбергенов - бокстан Қазақстанның екі дүркін чемпионы, 2022 жылғы Азия чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионы. Сонымен қатар оның еншісінде Азия ойындарының күміс (2018) және қола (2023) медальдары бар.

Бұдан бөлек, Шымбергенов 2019 жылы әскери қызметшілер арасындағы әлем чемпионы атанды. Ол 2024 жылы Парижде (Франция) өткен жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан намысын қорғады.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport