Өзбекстандық Олимпиада чемпионы көпшілік алдында жазаланды
Бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Тулкин Киличев 2022 жылғы Токио Олимпиадасының чемпионы Баходир Джалоловты (12-0, 12 КО) жазалады, деп хабарлайды Vesti.kz порталы Qalampir.uz басылымына сілтеме жасап.

Боксшы жаттығуға кешіккен үшін жазаланды. Джалолов залда бүкіл боксшының алдында 30 рет отжимание жасады. Бұл видео әлеуметтік желіде жылдам таралып кетті.
Өзбекстан құрамасының бас бапкері спортшылардың дайындығына өте қатал екен, сондықтан боксшылардың тәртібі мен жаттығуға келуін бақылаудан шығармайды.
Бүгінде ел құрамасы Ташкентте өтетін әлем чемпионатына барынша дайындалып жатыр.
Жарнама