Бокс
27 қараша 14:00
 

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы кәсіпқойға өтеді: бірінші қарсылас қазақ боксшы

  Пікірлер

blog.share

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы кәсіпқойға өтеді: бірінші қарсылас қазақ боксшы ©olympic.uz

Промоутер Фрэнк Уорреннің Queensberry Promotions компаниясы өзбекстандық әуесқой бокс жұлдызддарымен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Промоутер Фрэнк Уорреннің Queensberry Promotions компаниясы өзбекстандық әуесқой бокс жұлдызддарымен келісімшартқа отырғанын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Асадхужа Муйдинхужаев пен Жавохир Умматалиев кәсіпқой боксқа өут туралы шешім қабылдады

Қыркүйек айында Ливерпульде екеуі де World Boxing ұйымының 2025 жылғы әлем чемпионатында жеңімпаз атанып, екеуі де ширек финалда қазақстандық боксшыларды жеңгенін айта кетейік: 20 жастағы Умматалиев (80 кг) 2024 жылғы Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайды, ал 24 жастағы Муйдинхужаев (65 кг) Ертуған Зейнуллиновты жеңді.

Сонымен қатар, Муйдинхужаев 2023 жылғы әлем чемпионатының (67 кг) алтын жүлдегері және Париж-2024 Олимпиадасының (71 кг) чемпионы. Умматалиев — 2024 жылғы Азия чемпионы және 2022 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы.

Екі өзбек боксшысы да кәсіпқой рингтегі дебютін 28 қарашада Ресейдің Челябі қаласындағы бокс кешінде өткізеді. Муйдинхужаевтың қарсыласы - 26 жастағы қазақстандық Айдос Тастаев (8–7, 2 КО), ал Умматалиевтің қарсыласы - 31 жастағы әзербайжандық Рахим Алиев (3–0, 3 КО).


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!