Өзбекстандық Олимпиада чемпионы кәсіпқойдағы кезекті қарсыласын сұлатты

©Кun.uz

Бокстан Олимпиада чемпионы Баходир Джалолов (11-0, 11 КО) бельгиялық Джек Муловайиді (11-3-1, 7 КО) нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Өзбек былғары қолғап шеберінің қатысуымен өткен айқас Turning Stone Resort & Веронодағы Casino-да (Нью-Йорк, АҚШ) өткен бокс кешінің басты жекпе-жегі болды.

Джалолов екінші раундта қарсыласын құлатты. Алайда төреші нокдаунды есепке алмады. Алтыншы раундта бельгиялық есеңгіреп қалғанымен жекпе-жекті жалғастыра алатынын көрсетті. Дегенімен сегізінші раундта өзбек боксшы Муловайиді ауыр нокаутқа түсірді.

Еске салайық, Джалолов әуесқойлар арасында үш дүркін Азия чемпионы (2017, 2019, 2021) атанды. 2019 жылы әлем чемпионы болды. Сонымен қатар, 2020 жылы Токио Олимпиадасының алтынын мойнына тақты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар