Бокс
Бүгін 10:13
 

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы кәсіпқойда титулға айқасады: қарсылас жеңілмеген нокаутшы

  Пікірлер

blog.share

Өзбекстандық Олимпиада чемпионы кәсіпқойда титулға айқасады: қарсылас жеңілмеген нокаутшы ©instagram.com/boxinguzbekistan_official

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Хасанбой Дусматов 4 желтоқсанда Түркия астанасында өтетін IBA.PRO турнирінде чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Хасанбой Дусматов 4 желтоқсанда Түркия астанасында өтетін IBA.PRO турнирінде чемпиондық белбеу үшін жұдырықтасады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дусматов жеңіліп көрмеген филиппиндік боксшымен кездеседі

33 жастағы өзбек боксшысының қарсыласы филиппиндік Родерик Баутиста болады. Родерик кәсіпқой рингте өткізген 10 жекпе-жегінің барлығында жеңіске жеткен, соның жетеуін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Жекпе-жек 10 раундқа жоспарланған. Онда екінші жеңіл салмақта (52,2 келіге дейін) IBA.PRO нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағы сарапқа салынады.

Хасанбойдың статистикасы

Хасанбой Дусматов - екі дүркін Олимпиада чемпионы. Ол 2016 және 2024 жылдардағы Олимпиада ойындарында алтын жеңіп алған. Сонымен қатар өзбекстандық боксшы әуесқойлар арасындағы әлем чемпионатында екі рет - 2023 және 2025 жылдары топ жарған.

Дусматов кәсіпқой бокста 2019 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Осы уақыт аралығында ол жеті жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жетті. Оның бесеуін нокаутпен аяқтап, кәсіпқойда әлі күнге дейін жеңіліп көрмеген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!