Өзбекстандық Олимпиада чемпионы британиялық боксшыны рингте шалқадан түсірді

©Allboxing

2020 жылғы Олимпиада ойындарының чемпионы өзбекстандық Баходир Джалолов (12-0, 12 КО) бірнеше жыл бұрын британиялық Фрейзер Кларкпен (5-0, 4 КО) спаринг өткізген болатын, деп хабарлайды Vesti.kz.

Джалоловтың Олимпиада жүлдегерін рингте құлатқан видео Желіде көптеп қарала бастапты. 

Өзбек боксшы сол қолымен жасаған дәл соққымен қарсыласын алдымен нокдаунға түсірді. Кларк аяғына тұрып, ары қарай жұдырықтасқанымен Джалолов оны соққы астына алды. Осы кезде төреші жекпе-жекті тоқтатты. 

Видео қазіргі таңда 125 мыңнан аса қаралыпты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport