Бокс
Бүгін 11:27
 

Өзбекстандық нокаутшы қазақстандық Олимпиада чемпионымен айқасқа шықпақ

  Пікірлер

blog.share

Өзбекстандық нокаутшы қазақстандық Олимпиада чемпионымен айқасқа шықпақ ©Өзбекстанның ҰОК

Өзбекстандық боксшы Шохжахон Эргашев (26-2, 23 КО) Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен (13-0, 8 КО) жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Алайда қазақстандық боксшы қазір бұл ұсынысты қабылдай алмайтынын аңғартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Өзбекстандық боксшы Шохжахон Эргашев (26-2, 23 КО) Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен (13-0, 8 КО) жекпе-жек өткізуге дайын екенін мәлімдеді. Алайда қазақстандық боксшы қазір бұл ұсынысты қабылдай алмайтынын аңғартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Эргашев Елеусіновпен кездесуге дайын

Эргашевтің айтуынша, оған IBA Nomad лигасы Елеусіновпен жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс жасаған. Боксшы мұндай айқасқа бірден келісім берген.

"Маған IBA Nomad лигасынан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновпен жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түсті. Мен бірден келістім. Егер ол Олимпиада чемпионы болса, мен онымен айқасамын", - деп келтіреді Эргашевтің сөзін Nomadfighting.

Ал қазақстандық боксшы бұған дейін Эргашевтің өзі бұл жекпе-жекке келіспегенін еске салды. Ал қазір кездесуге дайын екенін көпшілік алдында жар салып жүргенін айтады.

"Басында ол менімен жұдырықтасуға шықпайтынын айтқан еді. Енді менің жекпе-жек өткізе алмайтынымды біліп, айқайлап жүр... Себебі менің Zuffa-мен келісімшартым бар", - деп жазды Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Алайда кейін Елеусінов Instagram Stories-те жариялаған бұл жауабын өшіріп тастады.

Елеусінов бір жылдан астам уақыт рингке шыққан жоқ

Елеусінов соңғы жекпе-жегін 2025 жылғы 19 шілдеде АҚШ-тың Вашингтон қаласында өткізді. Ол сол кездесудің екінші раундында филиппиндік Джеймс Бэконды техникалық нокаутпен жеңді.

Ал Эргашев жақында ғана рингке қайта оралды. 25 шілдеде Ташкентте өзбекстандық боксшы ресейлік Марк Урвановты нокаутпен жеңді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!