Бокс
9 желтоқсан 2020 14:39

Өзбекстандық "Құбыжық" Головкинге жолдау жасады

Сурет: Olympic.uz

"Құбыжық" лақап атты өзбекстандық проспект Исраил Мадримов қазақстандық Геннадий Головкинге (40-1-1, 35 КО) қолдау білдірді,-деп хабарлайды Vesti.kz.

"Иншааллах, чемпион", - деп жазыпты ол Matchroom Boxing жасаған GGG мен Камил Шеремета жекпе-жегінің видеошолуына.

Былтыр қазанда Мадримов Головкин андеркардында жұдырықтасты. Ал қазақстандықты ең сүйікті боксшысы деп атаған. Сонымен қатар, ол Геннадий - өзінің бокс стиліне үлкен әсер еткендердің бірі екенін атап айтқан.