Өзбекстанның намысын қорғайтын қазақ боксшысы Елнұр Әбдурайымов (8-0, 7 KO) кәсіпқой бокстағы келесі кездесуін 7 мамыр күні Лас-Вегас қаласындағы T-Mobile Arena спорт кешенінде Сауль "Канело" Альварес (Мексика) пен Дмитрий Бивол (Ресей) арасындағы айқастың андеркардында өткізеді, деп жазады Zamin.uz порталы.
Өзбекстандық боксшының қазіргі уақытта қарсыласы әлі белгісіз. Әбдурайымов соңғы кездесуін 2021 жылдың 17 желтоқсанында Ташкент қаласында өткізіп, филиппиндік боксшы Джон Джеминоны жеңді.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Сауль Альвареске алдағы айқасына дайындалуға қазақ боксшысы Айдос Ербосынұлы көмектесуде.