Өзбекстандық қазақ Мадияр Саидрахимов Белградтағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
92 келіде өнер көрсететін өзбекстандық боксшы жартылай финалда атақты кубалық Хулио Ла Круспен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңілді. Өзбекстан құрамасынан финалға шыққан жалғыз боксшы Абдумалик Халоков (60 келі) болды.