Бокс
Бүгін 13:51
 

Өзбекстандық жас боксшы ӘЧ-де екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңді

  Пікірлер

blog.share

Өзбекстандық жас боксшы ӘЧ-де екі дүркін Олимпиада чемпионын жеңді ©Olamsport.com

Өзбекстан құрамасының боксшысы Турабек Хабиболлаев IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Өзбекстан құрамасының боксшысы Турабек Хабиболлаев IBA Дубайда (БАӘ) өткізіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының жартылай финалға өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

92 келіге дейінгі салмақта өткен ширек финалда 23 жастағы өзбекстандық боксшы турнирдің ең даулы әрі сенсациялық жеңістерінің біріне қол жеткізіп, әлемдік бокстың аңызы - кубалық Хулио Сесар Ла Крусты жеңді.

Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Хабиболлаевқа берді. Бұл жеңіс арқасында ол кемінде қола жүлдеге жетіп отыр. Айта кетейік, бұл оның алғашқы ірі жетістігі емес: ол 2022 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы және World Boxing нұсқасы бойынша (2025) ересектер арасындағы әлем чемпионы.

Оның қарсыласы Ла Крус - заманауи бокстың ең атақты боксшыларының бірі, екі дүркін Олимпиада чемпионы (2016, 2020) және бес дүркін әлем чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!