Бокс
Бүгін 13:09
 

Өзбекстандық чемпионның Азиададағы айқасы сенсациямен бітті

  Пікірлер

blog.share

Өзбекстандық чемпионның Азиададағы айқасы сенсациямен бітті ©nampravda.uz

Өзбекстандық әлем чемпионы Фазлиддин Эркинбоев 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Өзбекстандық әлем чемпионы Фазлиддин Эркинбоев 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалында жеңіліп қалды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Эркинбоев финалға шыға алмады

80 келіге дейінгі салмақтағ жартылай финалдық жекпе-жекте Эркинбоев үндістандық Анкушпен кездесті. Бірінші раунд өзбекстандық боксшының пайдасына аяқталды - төрешілер 3:2 есебімен оған басымдық берді.

Екінші үш минуттықта жағдай өзгерді. Төрешілер дәл сондай 3:2 есебімен бұл жолы үндістандық спортшыны жеңімпаз деп таныды. Үш раундтың қорытындысы бойынша Анкуш 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша, Анкуш 2026 жылғы Азия ойындарының финалына шығып, алтын үшін күресін жалғастырады. Ал Эркинбоев турнирді қола жүлдемен аяқтады.

Эркинбоев - әлем чемпионы

Фазлиддин Эркинбоев - World Boxing нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионы, сондай-ақ IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері.

Бұған дейін бүгін Өзбекстан құрамасынан Олимпиада чемпионы Абдумалик Халоков 60 келіге дейінгі салмақта жарыстың финалына жолдама алды.

XX жазғы Азия ойындарындағы бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады. Турнирге Қазақстан құрамасының өкілдері де қатысып жатыр. XX жазғы Азия ойындары Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!