Бокс
11 желтоқсан 19:05

Өзбекстандық әлем чемпионы қазақ боксшымен ӘЧ-де айқасудан бас тартты

©Өзбекстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов IBA Дубайда өткізіп жатқан әлем чемпионатында жекпе-жексіз финалға өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

75 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалда ол өзбекстандық Фазлиддин Эркинбоевпен кездесуі керек еді. Жекпе-жек бүгін, 11 желтоқсан күндізгі сессияда өтеді деп жоспарланған еді.

Өзбекстан бокс федерациясының мәліметінше, Эркинбоев қол жарақатына байланысты жекпе-жектен бас тартқан екен.

Осылайша, өзбекстандық боксшы турнирдің қола жүлдесіне ие болады. Айта кетейік, Эркинбоев - World Boxing нұсқасы бойынша қазіргі әлем чемпионы.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport