Бокс
Бүгін 16:36

Өзбекстандағы қазақ чемпионның келесі айқасы белгіленді

©Olamsport.com

Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы Руслан Абдуллаевтың кәсіпқойдағы келесі жекпе-жегі белгіленді, деп хабарлайды Vesti.kz.

23 жастағы Абдуллаев 16 қаңтар күні АҚШ-та өтетін бокс кешінде рингке оралады. Оның қарсыласы 37 жастағы уругвайлық Эдуардо Хавьер Абреу болмақ.

Кәсіпқойда Абдуллаев үш жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен, оның біреуі нокаутпен аяқталған. Ал Абреудің еншісінде 14 жеңіс (10 нокаут), бір жеңіліс және екі тең нәтиже бар.

Абдуллаев әуесқой бокста Өзбекстан құрамасының сапында өнер көрсетеді. Ол 2022 жылы Азия чемпионы, ал 2023 жылы әлем чемпионы атанған.

Бұған дейін, 2019–2020 жылдары Абдуллаев Өзбекстанның жастар құрамасына өтуге талпынып көрген, алайда ол кезде мақсатына жете алмады. Сол уақытта ол Қазақстанға келіп, Оңтүстік Қазақстан облысының атынан елдің жастар чемпионатында өнер көрсетті. Бұл турнирде ол жартылай финалда Сабыржан Аққалықовқа жол беріп, қола жүлде иеленді. Кейін COVID-19 пандемиясына байланысты Қазақстандағы жарыстар тоқтатылып, Абдуллаев Өзбекстанға қайта оралды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport