Бокс
22 қыркүйек 09:56
 

Өзбекстандағы қазақ чемпион кәсіпқойдағы үшінші жекпе-жекте жеңіске жетті

  Пікірлер

blog.share

Өзбекстандағы қазақ чемпион кәсіпқойдағы үшінші жекпе-жекте жеңіске жетті ©

Өзбекстан атынан өнер көрсетіп жүрген қазақ боксшы Руслан Абдуллаев (3-0, 1 KO) кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Өзбекстан атынан өнер көрсетіп жүрген қазақ боксшы Руслан Абдуллаев (3-0, 1 KO) кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне жетті, деп хабарлайды Vesti.kz.

АҚШ-тың Индио қаласында өткен бокс кешінде 23 жастағы Абдуллаев 32 жастағы америкалық Кевин Джонсонмен (12-8, 8 KO) кездесті. Жекпе-жек супержеңіл салмақта өтті және толық сегіз раундқа созылды. Кездесу қорытындысы бойынша төрешілер ортақ шешіммен өзбекстандық боксшыны жеңімпаз деп таныды – 79-73 екі рет және 80-72.

Абдуллаев үшін бұл кәсіпқой бокстағы үшінші жеңіс. Әуесқойлар арасында ол 2022 жылғы Азия чемпионы және 2023 жылғы әлем чемпионы атанған.

Бір қызығы, 2019–2020 жылдары Абдуллаев Қазақстанның жастар құрамасына қосылғысы келген. Ол ел біріншілігінде Оңтүстік Қазақстан облысының атынан қатысып, жартылай финалда Сабыржан Аққалықовқа есе жіберіп, қола жүлдегер атанған. Алайда COVID-19 пандемиясы оның ары қарайғы жоспарына кедергі келтіріп, боксшы Өзбекстанға қайта оралады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!