Қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің (10-0, 6 КО) менеджері Зия Алиев Өзбекстанда жекпе-жек өткізу мүмкіндігі жайлы пікір білдірді.
29 жастағы Елеусінов келесі кездесуін сәуірде өткізеді, осы уақытқа оның промоутері Эдди Хирн де Өзбекстанда бокс кешін өткізуді жоспарлап отыр.
"Әзірге нақты күн белгіленген жоқ. Өзбекстандағы шоуға қатысты, менің білуімше, ол бойынша да әзірге келісім жоқ. Өзбекстан тарапынан қызығушылық бар, бірақ, ол да әлі нақты емес. Былайша айтқанда, 100 пайызға емес. Алайда Данияр ол жерде болмайды", - дейді Алиев.
Еске салайық, қазақстандық боксшы былтыр қарашада намибиялық Джулиус Индонгоны (23-3, 12 КО) екінші раундта нокаутқа түсіріп, жартылай орта салмақта IBF Inter-Continental титулын жеңіп алған.