Бокс
3 наурыз 13:01

Өзбекстанда Қазақстан қатысқан кіші ӘЧ нәтижесіне қатысты пікір білдірді

©Nampravda.uz

Болгарияда өткен "Странджа кубогі" – 2026 жарысының қорытындысы бойынша Өзбекстан құрамасы үздік атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.

22 ақпан мен 1 наурыз аралығында ұйымдастырылған турнир Еуропадағы ең көне халықаралық турнир саналады және бейресми түрде кіші әлем чемпионаты деп аталады.

"Ұлттық құрамамыз тағы да жалпыкомандалық есепте көш бастады. Ерлер де, әйелдер де бірінші орынға ие болды.

Ерлер құрамасы 3 алтын, 2 күміс және 4 қола жүлде жеңіп алса, әйелдер командасы 4 алтын, 2 күміс және 2 қола жүлде еншіледі", - деп жазады Өзбекстанның бокс федерациясы. 

Жалпыкомандалық есепте екінші орын көрші Қазақстанға бұйырса, үшінші сатыға Украина құрамасы орналасты.

Алтын жүлдегерлер (Өзбекстан)
75 кг — Фазлиддин Эркинбоев
85 кг — Акмалжон Исроилов
90 кг — Турабек Хабибуллаев
48 кг — Сабина Бобокулова
57 кг — Нигина Уктамова
65 кг — Навбахор Хамидова
75 кг — Азиза Зокирова

Күміс жүлдегерлер

80 кг — Жавохир Умматалиев
+90 кг — Озодбек Алиев
51 кг — Феруза Казакова
+90 кг — Олтиной Сотимбоева

Қола жүлдегерлер

50 кг — Асилбек Жалилов
70 кг — Шавкатжон Болтаев
85 кг — Норбек Абдуллаев
90 кг — Самир Собиров
48 кг — Фарзона Фозилова
80 кг — Рухшона Парпиева

Айта кетейік, "Странджа кубогі" Еуропадағы ең көне халықаралық бокс турнирі болып саналады. 2026 жылы жарыс 77-рет ұйымдастырылды.

Қазақстан бұл додаға 39 боксшы (19 ер, 20 әйел) қатысты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport