Өзбекстанда Олимпиаданың екі дүркін чемпионы Баходир Джалоловтың (14-0, 14 КО) Қазақстанда жекпе-жек өткізетініне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бокс кеші 5 сәуір Астанада өтеді, ал Өзбекстанның бокс федерациясы Баходирдің қарсыласы қазақстандық Иван Дычко (14-0, 13 КО) болады деп есептейді."Екі метр құбыжық". Джалоловқа Қазақстаннан қарсылас табылды
"Ресми. Баходир Джалолов келесі жекпе-жегінің уақыты мен орнын растады! Біздің ауыр салмақтағы боксшы келесі айқасының мән-жайын айтты.
Мұның алдында хабарланғандай, отандасымыз рингке 5 сәуір Астанада Top Rank ұйымдастыратын бокс кешінде шығады.
Әзірге қарсылас кім болатыны туралы айқапарт жоқ. Алайда Джалолов қазақстандық Иван Дычкомен кездеседі деп күтілуде", - делінген Өзбекстан кәсіпқой бокс федерациясының әлеуметтік желісіндегі жазбада.