Бокс
Бүгін 13:49
 

Өзбекстанда боксшыларының Төреханнан жеңілгеніне қатысты пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

Өзбекстанда боксшыларының Төреханнан жеңілгеніне қатысты пікір білдірді Шавкатжон Болтаев - Торехан Сабырхан айқасы. Сурет: Нұрғали Жұмағазы/ҚР ҰОК

Өзбекстанның Yuz.uz басылымы осы елдің боксшысы Шавкатджон Болтаевтың 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалында қазақстандық Төрехан Сабырханнан жеңілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Өзбекстанның Yuz.uz басылымы осы елдің боксшысы Шавкатджон Болтаевтың 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалында қазақстандық Төрехан Сабырханнан жеңілуіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Сабырхан Болтаевты таза жеңді

70 келіге дейінгі салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жекте Төрехан  Шавкатджон Болтаевты төрешілердің ортақ шешімімен жеңіп - 5:0, турнир финалына жолдама алды.

Басылым 20 жастағы қазақстандық боксшының жетістіктеріне де жеке тоқталды. Ол 2025 жылы Ливерпульде әлем чемпионы атанса, бір жыл бұрын Черногорияда жастар арасындағы әлем чемпионатында жеңіске жеткен.

"Шавкатджон Болтаев (70 келіге дейін) 20 жастағы әлем чемпионы қазақстандық Төрехан Сабырханмен болған жекпе-жекте жеңіске жете алмады. Шымкенттік боксшы 19 жасында жастар арасындағы бокс­тан ересектер додасына жарқын қадам жасап, 2025 жылы Ливерпульде әлем чемпионатында жеңіске жетті. Бір жыл бұрын, 2024 жылы ол Черногорияда жастар арасындағы әлем чемпионатында топ жарған.

Болтаев бірінші нөмір болып жұдырықтасуға тырысты, алайда Сабырханның қарымта шабуылдап жасайтын қосарлы соққыларын өткізіп аып отырды. Денеден соққылар алмасу кезінде Төрехан басым түсті, дегенмен Болтаев та оның басы мен денесіне бірнеше рет дәл соққы жасады. Жалпы есепте Шавкатджон 0:5 есебімен жеңілді", - деп жазды авторлар.

Төрехан Азия ойындарының алтыны үшін таласады

Осылайша, Сабырхан Азия ойындарының финалына шығып, алтын үшін күресін жалғастырады. Шешуші жекпе-жекте оның қарсыласы Иордания боксшысы Зияд Ишаиш болады.

Сабырхан - қазіргі әлем чемпионы, сондай-ақ 2024 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпазы.

Жапонияның Айти және Нагоя қалаларында өтіп жатқан Азия ойындарындағы бокс жарыстары 21 қыркүйекте басталып, 2 қазанға дейін жалғасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!