Өзбекстандық Sports.uz сайты қазақстандық Сәкен Бибосынов пен үндістандық Дипак Кумардың ӘЧ-де өткен айқасына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Боксшылар 51 келідегі 1/16 финалдық айқаста кездесті. Үш раунд қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бөлек шешіммен Дипакқа берді. Бұған қатысты Қазақстан бокс федерациясы IBA-ға шағым түсірді, алайда өзгеріс болған жоқ.
"Теңдей айқас, бірақ, Дипак жеңіске жетті, құттықтаймыз!", - деп жазыпты басылым.