Бокс
Бүгін 14:23

Өзбекстанда Бибосынов пен Дусматовты айқасқа шығару жайлы сөз қозғалды

©

Өзбекстанның Кәсіпқой бокс федерациясы әлеуметтік желідегі парақшасында Хасанбой Дусматов пен Сәкен Бибосыновтың кәсіпқой рингтегі ықтимал жекпе-жегіне қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Дусматов – Бибосынов: жаңа жекпе-жек болуы мүмкін бе?

Өзбекстандық екі дүркін Олимпиада чемпионы Хасанбой Дусматов пен Қазақстан өкілі Сәкен Бибосынов кәсіпқой рингте тағы бір жекпе-жек өткізуі мүмкін.

Дусматовтың айтуынша, бұл кездесуді ұйымдастыруға қазіргі таңда салмақ дәрежелеріндегі айырмашылық кедергі болып тұр. Дегенмен өзбекстандық чемпион болашақта мұндай жекпе-жектің өтуі мүмкін екенін жоққа шығармады.

Дусматов пен Бибосыновтың әуесқой бокстағы жеке кездесулеріндегі есеп - 3:1, Хасанбойдың пайдасына. Қазақстандық боксшы Дусматовты тек 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында жеңген.

Одан кейін Хасанбой Дусматов Бибосыновты қатарынан үш рет жеңді. Ол 2022 жылғы Азия чемпионатында, 2023 жылғы Азия ойындарында және 2024 жылғы Олимпиадада қазақстандық боксшыдан басым түсті.

Енді жанкүйерлерді бір сұрақ қызықтырады: Дусматов пен Бибосынов кәсіпқой рингте қайта кездеседі ме?

Айта кетейік, Бибосынов та Дусматовпен рингке шығуға дайын екенін мәлімдеген. Қазақстандық боксшы әуесқойлар арасында екі рет әлем чемпионы атанды (2021, 2025). Сонымен қатар ол 2020 жылғы Олимпиадада және 2021 жылғы Азия чемпионатында жүлдегер болды.
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport