Бокс
16 қыркүйек 14:29

Өзбекстанда Айбектің Зокировты жеңгенін бір мысалмен "түкке тұрғысыз қылды"

©ҚБФ

Yuz.uz басылымының журналисі Абылай Камалов Англияның Ливерпуль қаласында өткен 2025 жылғы әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасының өнерін саралап, Қазақстан боксшысымен болған шешуші жекпе-жекке жеке тоқталды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Турнир финалында аса ауыр салмақта (90 кг-нан жоғары) өзбекстандық Жахонгир Зокиров Қазақстан құрамасының капитаны Айбек Оралбайдан жеңіліп қалды.

"2021 жылы Кельцеде өткен жастар арасындағы әлем чемпионы, Жизахтың 22 жастағы тумасы Жахонгир Зокировты Баҳодир Жалоловтың ізбасары санайды. Алайда кеше World Boxing нұсқасы бойынша өткен әлем чемпионатының финалында ол қазақстандық Айбек Оралбайға төрешілердің бөлек шешімімен жеңіліп қалды. Бұл сәтсіздік Қазақстан құрамасына Өзбекстаннан озуға және чемпионаттың жалпы жүлде есебінде бірінші орын алуға мүмкіндік берді.

Жалпыкомандалық жеңіс тағдыры дәл осы суперауыр салмақтағы Жахонгир Зокиров пен екі дүркін Азия чемпионы, Қазақстанның Жамбыл облысынан шыққан 25 жастағы Айбек Оралбай арасындағы жекпе-жекке байланысты болды. Айтпақшы, Оралбайдың егізі Нұрбек Оралбай – Париж-2024 Олимпиадасының күміс жүлдегері – ширек финалда біздің Жавохир Умматалиевтен жеңілген болатын. Бұл жолы да өте тартысты өткен шайқаста Зокиров 2:3 есебімен есе жіберіп, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Жалпы жүлде саны бойынша Өзбекстан (11 жүлде) көш бастаса да, алтын саны бойынша Қазақстан (7 алтын) алда. Бізде 6 алтын бар – бұл екінші орын.

Баҳодир Жалоловтың ізбасарының бұл жолғы жеңілісі туралы не деуге болады? Еске салайық, бір кездері Жалоловтың өзі де 2019 жылға дейін Камшыбек Қоңқабаевқа қарсы төрт жекпе-жекте 1 ғана рет жеңіп, 3 рет ұтылған еді. Бірақ кейін қатарынан бірнеше рет басым түсті. Мүмкін, бұл жолы да дәл осылай қайталанар? Көре жатармыз…", – деп ойын түйіндеді журналист.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport