Бокс
19 тамыз 11:10

Өзбекстанда ӘЧ-ге баратын Қазақстан құрамасы жайлы пікір білдірді

©instagram/@sabyrkhantorekhan

Өзбекстандық Zamin.uz басылымы Ливерпуль (Англия) қаласында өтетін бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының жүлделік есепте көш бастау мүмкіндігін жоғары бағалады, деп хабарлайды Vesti.kz.

Басылым сондай-ақ тағы екі құраманы атады.

"4 пен 14 қыркүйек аралығында Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты өтеді. Бұл турнир - әлемнің ең үздік былғары қолғап шеберлерін бір алаңда тоғыстыратын тамаша мүмкіндік. Қазақстан құрамасы да өз тарихындағы ең мықты құрамды ұсынды.

Осы чемпионатта Өзбекстан, Қазақстан және Куба құрамалары жүлделік есепте көш бастауға басты үміткерлер. Бұл үш мемлекет бір-біріне лайықты бәсекелестік танытып, жанкүйерлер назарын аударатыны сөзсіз. Бұл елдердің бокс әлеміне қосқан үлесі зор.

Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары өздерінің ең үздік спортшыларын ұсынғанына мақтана алады. Чемпионат барысында қай елдің боксшылары үздік нәтиже көрсететінін көру өте қызықты болмақ.

Барлық спорт жанкүйерлері бұл жарыста жарқын жеңістерді асыға күтуде", – деп жазады басылым.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан құрамасының толық құрамы жарияланған болатын. Тарихи турнирде еліміз барлық салмақ дәрежелесінде өнер көрсететін 20 боксшыны апарады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport