Өзбекстанда Англияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында жеңілген қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайды әжуалады, деп хабарлайды Vesti.kz.
80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен жекпе-жекте Оралбай өзбекстандық Жавохир Умматалиевтен төрешілер шешімімен сенсациялық түрде жеңіліп қалды.
"Біздің 20 жастағы боксшымыз Жавохир Умматалиев Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері әрі әлем чемпионы Нұрбек Оралбайды ширек финалда бірінші рейспен үйіне қайтарды.
Бүгін - демалыс күні, сондықтан Жавохир де, Нұрбек те демалады. Алайда Умматалиев 13 қыркүйекте жартылай финалға шығады. Ал Нұрбек демалысын жалғастыра береді", - деп Tigers TV арнасының Instagram желісіндегі жазбасын Өзбекстан бокс федерациясы бөлісті.
Қазақстан құрамасынан сегіз спортшы жартылай финалға өтті - бес бұрымды, ерлереден үшеу. Олардың барлығы кем дегенде қола жүлдеге жетіп отыр. Тағы екі боксшы - Назым Қызайбай (48 кг) мен Санжар Ташкенбай (50 кг) ширек финалдық жекпе-жектерін 12 қыркүйекте өткізеді.
Әлем чемпионатының жартылай финалындағы қазақстандық боксшылардың жекпе-жек кестесі:
12 қыркүйек
19:00 — 60 кг: Виктория Графеева — Ребека Де Лима Сантос (Бразилия)
22:30 — 65 кг: Аида Әбікенова — Грэйнн Мэри Уолш (Ирландия)
23:15 — +80 кг: Елдана Тәліпова — Агата Качмарска (Польша)
01:15 — +90 кг: Айбек Оралбай — Хулио Сезар Ла Крус (Куба)
13 қыркүйек
18:00 — 55 кг: Махмұт Сабырхан — Лю Чуань (Қытай)
22:15 — 51 кг: Алуа Балқыбекова — Ци Синью (Қытай)
22:45 — 70 кг: Төрехан Сабырхан — Одел Камара (Англия)
23:15 — 70 кг: Наталья Богданова — Шантель Рид (Англия).