Қазақстандық боксшы Нұрислам Оналбек Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатының жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында Оналбек алаң иесі Аслиддин Усубалиевпен кездесіп, төрешілердің бөлек шешімімен 3:2 есебінде жеңіске жетті.
Осылайша, Оналбек 17 жасқа дейінгі санаттағы құрлықтық жарыстың жартылай финалға жолдама алып, кем дегенде турнирдің қола жүлдесіне жетіп отыр.
Айта кетейік, бүгін 15:30-да басталатын күндізгі сессияда Қазақстан құрамасынан жеті боксшы шаршы алаңға шығады.
Жарнама