Өзбекстан мен Қазақстанның бокстағы текетіресіне "Головкин нүкте қойды"
Бұрынғы кәсіпқой боксшы Виталий Демьяненко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Өзбекстан мен Қазақстан боксы жайлы ойын айтты.
Бұрынғы кәсіпқой боксшы Виталий Демьяненко Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Өзбекстан мен Қазақстан боксы жайлы ойын айтты.
- Жалпы неге Өзбекстан осынша ілгерлеп кетті, әуесқойда да, кәсіпқойда да? Көршілерді қуып жету үшін Қазақстанға не істеу керек?
- Әуесқой туралы көп ештеңе айта алмаймын, бірақ кәсіпқойда бәрі салыстырмалы түрде. Өзбектер жұмыла жұмыс істейді, олар жеңіске аш болып тұрады, өздерін боксы дамыған ел позициясында ұстайды. Бірақ, бізде де жаман емес, әуесқойда да, Олимпиадаға бізде де лицензия көп. Кәсіпқойда да кем емеспіз. Елеусіновті мысалға алайық, бізде бірқатар саңлақтар бар. Головкинді айтайықшы! Оларда осындай деңгейде боксшы бар ма?
Жарнама