Бокс
17 қыркүйек 06:32

Өзбекстан мен Қазақстанның бас бапкерлері арадағы бәсеклестіктің нүктесін қойды

©instagram.com/alimzhan.akayev/

Казахстан мен Өзбекстан бокс құрамаларының бас бапкерлері Англияның Ливерпуль қаласында өткен 2025 жылғы әлем чемпионатынан кейін жүздесті. Бұл жарыс алғаш рет жаңа ұйым - World Boxing федерациясының қолдауымен өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.

Екі ел құрамасының бапкерлері Қайрат Сатжанов (Қазақстан) пен Тулкин Киличев (Өзбекстан) турнирден алған әсерлерімен бөлісіп, бокстағы бәсекелестігіне қатысты әзіл-шыны аралас пікір айтты.

"Құрметті жанкүйерлер, жеңістеріміз құтты болсын. Өзбекстан, Қазақстан біз ағайындымыз, біргеміз ардайы.  Бізге басшылар айтты ғой: “Англияға неге бардыңдар? Үйлеріңде спарринг өткізіп, қалған елдерге жүлделерді тарата салар едіңдер” деп", - деді Қайрат Сатжанов.

Тулкин Киличев те өз ойын білдірді:

"Қазақстан мен Өзбекстан, екі халық рингте, спорттық жарыста бәсекелесеміз, бірақ, рингтен тыс жерде біз бір-бірімізді құрметтейтін бауырлармыз. Алла қаласа, алда келе жатқан Олимпиадада да жақсы нәтиже көрсетеміз. Баршаңызға денсаулық тілеймін", - деді өзбекстандық бапкер.

 


 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport