Казахстан мен Өзбекстан бокс құрамаларының бас бапкерлері Англияның Ливерпуль қаласында өткен 2025 жылғы әлем чемпионатынан кейін жүздесті. Бұл жарыс алғаш рет жаңа ұйым - World Boxing федерациясының қолдауымен өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Екі ел құрамасының бапкерлері Қайрат Сатжанов (Қазақстан) пен Тулкин Киличев (Өзбекстан) турнирден алған әсерлерімен бөлісіп, бокстағы бәсекелестігіне қатысты әзіл-шыны аралас пікір айтты.
"Құрметті жанкүйерлер, жеңістеріміз құтты болсын. Өзбекстан, Қазақстан біз ағайындымыз, біргеміз ардайы. Бізге басшылар айтты ғой: “Англияға неге бардыңдар? Үйлеріңде спарринг өткізіп, қалған елдерге жүлделерді тарата салар едіңдер” деп", - деді Қайрат Сатжанов.
Тулкин Киличев те өз ойын білдірді:
"Қазақстан мен Өзбекстан, екі халық рингте, спорттық жарыста бәсекелесеміз, бірақ, рингтен тыс жерде біз бір-бірімізді құрметтейтін бауырлармыз. Алла қаласа, алда келе жатқан Олимпиадада да жақсы нәтиже көрсетеміз. Баршаңызға денсаулық тілеймін", - деді өзбекстандық бапкер.
Жарнама