auth.social_login
Пожалуйста, подождите... Укажите email Укажите имя или псевдоним Укажите пароль Для регистрации на сайте Вы должны принять Правила сообщества Для редактирования профиля необходимо авторизоваться на сайте Укажите корректный Email material_dobavlen_v_izbrannoe Добавить в избранное Убрать из избранного Пароли не совпадают Задайте пароль для входа на сайт Хороший пароль должен содержать строчные, заглавные латинские буквы и цифры. Рекомендуется добавлять знаки препинания и задавать длину пароля не менее 8 символов Спасибо за Ваш голос! Добавить +1 Убрать +1 Выберите вариант ответа
Место
Русский Табло
Размещение рекламы: +7 700 388 81 09
RU
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Жарнама

Өзбекстан мен Әзірбайжан боксшылармен текетіресте Шалқар Айқынбай ғана алтын иеленді

Өзбекстан мен Әзірбайжан боксшылармен текетіресте Шалқар Айқынбай ғана алтын иеленді
© ҚБФ
Бокстан Әзербайжан елінің астанасы Бакуде ұйымдастырылған "Жібек жолы" халықаралық турнирі өз мәресіне жетті. Финалға шыққан алтық қазақстандық боксшының біреуі ғана алтын алды.

Бакудегі жарысқа Қазақстан құрамасының екінші және үшінші нөмірлі боксшылары барды. Дегенмен алты бірдей боксшымыз финалға дейін сүрінбей жеткен. Алайда шешуші шайқаста жеңіске жеткен отандастарымыз аз болды.

49 келі салмақ дәрежесінде Шалқар Айқынбай топ жарды. Ол финалда өзбек боксшысы Нодиржон Мирзаахмедовты айқын ұтты.

Өзге қазақстандық бес боксшы финалда қарсыластарына жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты. Сондай-ақ кеше Ермек Мәдиев пен Алмасбек Әлібеков қола жүлдегерлер қатарынан көрінген болатын.

Жалпыкомандалық есепте Әзербайжан құрамасы бірінші орын алды. Жарыс иелері 4 алтын медаль еншіледі. Екінші орын алған Өзбекстан құрамасы 3 алтын жүлде еншіледі. Қазақстан мен Ресей құрамалары бір-бір алтын медальмен шектелді.

Финалдық жекпе-жектер нәтижесі:

49 келі Шалқар Айкынбай (Қазақстан) - Нодиржон Мирзахмедов (Өзбекстан) - 5:0

52 келі Масуд Юсифзаде (Әзербайжан) - Олжас Байниязов (Қазақстан) - 3:2

56 келі Тайфур Алиев (Әзербайжан) - Оразбек Асылқұлов (Қазақстан) - 5:0 60 кг Шукуржон Рахимов (Өзбекстан) - Мохамед Хамут (Марокко) - 0:5

64 келі Сабыржан Бақбергенов (Қазақстан) - Алиса Шафиров (Ресей) - 0:4

69 келі Маулен Өскенбек (Қазақстан) - Икболжон Холдаров (Өзбекстан) - 2:3

75 келі Камран Шахсуварлы (Әзербайжан) - Амин Кушхов (Әзербайжан) - 5:0

81 келі Рауф Рахимов (Әзербайжан) - Альфонсо Домингес (Әзербайжан) - 5:0

91 келіге дейін Мадияр Саидрахимов (Өзбекстан) - Рахиль Маммадли (Әзербайжан) - 3:2

+91 келі Данила Семенов (Қазақстан) - Обиджон Тохиров (Өзбекстан) - 0:5

Айта кетейік, сәуір айының ортасында Тайландта Азия чемпионаты өтеді. Сары құрлықтың басты додасына ұлттық құрама негізгі құраммен барады деп күтілуде. 
Әлеуметтік желілерде бөлісу

Жарнама



Тег:

Жарнама

Загрузка матч-центра...

Статистика
Футбол
  • Футбол
  • Футзал
  • Хоккей
  • Волейбол
  • Баскетбол
  • Бенди
  • Водное поло
  • Гандбол
  • Хоккей на траве

Жарнама

Жаңалықтар

Жарнама

Жарнама