Өзбекстан құрамасындағы қазақ чемпион кәсіпқой боксқа кетті

Бокстан Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы Руслан Абдуллаев кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Бокстан Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы Руслан Абдуллаев кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Кәсіпқойға бой үйрету үшін әлсіздеу қарсылас таңдады
Оlamsport.com мәліметінше, ол 6 наурызда АҚШ-тың Калифорния штатында өтетін бокс кешіне қатысады. Қарсыласы мексикалық Валензуела Альвара болады. 36 жастағы мексикалық кәсіпқойда 23 айқас өткізіп, оның үшеуінде ғана жеңген екен, 1 қарсыласымен тең түсіп, қалған он тоғызында жеңіліп қалған.
22 жастағы Абдуллаев әуесқойда 63,5 келіде өнер көрсеткен, 2022 жылы Азия чемпионы және 2023 жылы әлем чемпионы болған.
Қазақстан құрамасына қосылу ниеті сәтсіз болды
2019-2020 жылдары Абдуллаев Қазақстан атынан өнер көрсетуге тырысады. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы атынан Қазақстанның жастар чемпионатына қатысады. Турнирде Руслан жартылай финалға дейін ғана жетіп, Сабыржан Аққалықовтан жеңіледі.
Кейін Қазақстанда COVID-19 панедмиясы басталып кетіп, турнирлер уақытша тоқтатылады. Абдуллаев өзі де коронавируске шалдығып, кейін қайта басталған жарыстарға қатыса алмай қалады. Ақыры ол Өзбекстанға қайта оралады.
Жарнама