92 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Айбек Оралбайдың Белградта өтіп жатқан әлем чемпионатындағы келесі қарсыласы анықталды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Әлем біріншілігінің 1/8 финалда Оралбай Өзбекстан құрамасының намысын қорғайтын қазақ боксшы Мадияр Саидрахманов болады. Ол бірінші айналымда беларусь Владислав Смягликовтан үстем түсті.
Мадияр Саидрахманов Шыршықта (Ташкент облысы, Өзбекстан) қаласында дүниеге келген қазақ боксшы. Саидрахманов соңғы Өзбекстан чемпионатының жеңімпазы. Финалда ол Санжар Тұрсыновтан айласын асырған.
Еске салайық, бұған дейін әлем чемпионатының бірінші айналымынан 54 келіге дейінгі салмақтағы боксшымыз Махмұд Сабырхан сәтті өткен.
Бүгін кешкі сессияда Саматәлі Төлтаев пен Асланбек Шымбергеновтер өз кездесулерін өткізеді.