Бокс
Бүгін 21:58

Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы кәсіпқойдағы айқаста қарсыласын нокаутқа түсірді

©yuz.uz

Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшысы Руслан Абдуллаев (6-0, 4 KO) кәсіпқой рингтегі кезекті жеңісіне жетті. АҚШ-тың Калифорния штатындағы Индио қаласында өткен бокс кешінде ол мексикалық Хуан Меса Ангуломен (9-4, 6 KO) жұдырықтасты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Бірінші жартылай орта салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа жоспарланған еді. Алайда кездесу мерзімінен бұрын аяқталды. 24 жастағы Абдуллаев алтыншы раундта 28 жастағы Меса Ангулоны нокаутқа түсіріп, WBA Continental Americas Gold белбеуін қорғап қалды.


Абдуллаев кәсіпқой бокстағы карьерасын 2025 жылдың наурызында бастаған. Биыл ол үш жекпе-жек өткізіп, үшеуінде де нокаутпен жеңіске жетті.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport