Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы елге көшіп келді
Бокстан 2023 жылғы Өзбекстан Республикасының чемпионатының қола жүлдегері Аман Қонысбеков Қазақстанға қоныс аударды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бокстан 2023 жылғы Өзбекстан Республикасының чемпионатының қола жүлдегері Аман Қонысбеков Қазақстанға қоныс аударды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
71 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін қандасымыз Астана қаласына көшіп келді. Ол қазіргі кезде елордада ағасымен бірге тұрып жатыр. Ал бокстан жарыстарға Түркістан облысының атынан қатыспақ. Аман отандық былғары қолғап шеберлерімен бүгін Алматыдағы оқу-жаттығу жиындарында жүр.
Айта кетейік, Қонысбеков былтыр Өзбекстан чемпионатының жартылай финалында әлем чемпионы Асадхужа Муйдинхужаевпен кездескен. Сол кезде үш раунд қорытындысы бойынша Муйдинхужаев төрешілердің бөлек шешімімен жеңіске жетті. Дегенмен, бірінші раундта Қонысбеков қарсыласын бір рет нокдаунға түсіргенін еске сала кетейік.
Жарнама