Өзбекстан құрамасындағы қазақ боксшы Саят Ілясов енді карьерасын Қазақстан туы астында жалғастыратын болды, деп хабарлайды Vesti.kz журналист Аслан Қаженовке сілтеме жасап.
Мәліметке бойынша, Ілясов ел ішіндегі жарыстарда Маңғыстау облысының намысын қорғайды. Ал Қазақстандағы жеке бапкері ретінде Марат Жақиевтің тағайындалуы мүмкін екені айтылуда.
"Өзбекстан атынан шығып жүрген қандасымыз Саят Ілиясов енді Қазақстан атынан өнер көрсетеді. Ол ішкі біріншілікте Маңғыстаудың атынан сынға түседі. Сәйкесінше, Қазақстандағы жеке бапкері Марат Жакиев болуы мүмкін. Бұған қоса, наурыз айына жоспарланып отырған “Адал” промоутерлік компаниясының кәсіпқой бокс кешінде дебюттік кездесуін өткізетіні туралы да ақпарпт бар", - дейді Қаженов.
Сондай-ақ, боксшы наурыз айында Қазақстандағы промоутерлік компаниялардың бірінің ұйымдастыруымен өтетін кәсіпқой бокс кешінде кәсіпқойдағы дебютін өткізетін сыңайлы.
Бұған дейін Саят Ілясов халықаралық аренада Өзбекстан құрамасының сапында өнер көрсетті. 2022 жылы ол жастар арасындағы Азия чемпионатында қола жүлде иеленсе, 2025 жылы 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында Азия чемпионы атанды.
Жарнама