Өзбекстан "Құбыжығы" WBA титулы үшін "Қара арыстанмен" айқасады

©boxingscene.com

"Құбыжық" лақап атты өзбекстандық боксшы Исраил Мадримов (9-0-1, 6 КО) және жеңілмеген ресейлік Магомед Курбанов (25-0, 13 КО) титулды айқас өткізуге келісті, деп жазады Vesti.kz.

Боксшылар бірінші орта салмқта WBA титулын сарапқа салады. Ал жекпе-жектің өтетін орны мен күні алдағы уақытта белгіленеді.

"Қара арыстан" лақап атты Курбанов бірінші орта салмақта IBF рейтингінде екінші тұр. 2023 жылы өткен кейінгі айқасында ол Екатеренборда франциялық Мишель Сороны жеңіп, WBO International титулын қорғап қалған.

Мадримов кейінгі рет былтыр сәуірде америкалық Рафаэль Игбоквені (17-5, 7 КО) төрешілер шешімімен жеңген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар