Бокс
29 мамыр 2019 11:04
 
Өзбекстан "Құбыжығы" Головкин андеркартында Исламның бұрынғы қарсыласымен жұдырықтасады

  Пікірлер

blog.share

Өзбекстан "Құбыжығы" Головкин андеркартында Исламның бұрынғы қарсыласымен жұдырықтасады Қанат Ислам (сол жақта) және Норберто Гонсалес. Сурет: Boxeo de Colombia

Басты жекпе-жегінде қазақстандық Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) мен канадалық Стив Роллс (19-0, 10 КО) жұдырықтасатын 8 маусым Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтетін бокс кешінің тағы бір жұбы қалыптасты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша, "Құбыжық" атанып кеткен өзбекстандық Исраил Мадримовтың (2-0, 2 КО) қарсыласы мексикалық Норберт Гонсалес (23-12, 13 КО) болады. Бірінші орта салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген.

Екеуі да қазақстандық бокс сүйер қауымға таныс екенін айта кетейік. Гонсалес 2017 жылы АҚШ-та Қанат Исламмен (25-0, 20 КО) жұдырықтасып, 12 раунд қорытындысы бойынша төрешілер шешімімен жеңілген. Осыдан кейін мексикалық тағы үш рет жекпе-жек өткізіп, барлығында ұпай санымен жеңілді. 

Ал Мадримов биыл сәуірде өткен Азия чемпионатының 1/4 финалында ол жарыс чемпионы атанған Тұрсынбай Құлахметтен (75 келіге дейін) жеңілген.

Осымен андеркартта шығатын бес жұп анықталды, олардың ішінде екі қазақстандық жұдырықтасады - Бахтияр Эюбов (14-0-1, 12 КО) және Али Ахмедов (14-0, 10 КО), соңғысының ісін Головкинге тиесілі GGG Promotions компаниясы жүргізеді.

Жарнама

Живи спортом!