Бүгін, 4 қыркүйек Англияның Ливерпуль қаласында бокстан әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл турнир жаңа World Boxing ұйымы аясында өтетін алғашқы жарыс болады және 14 қыркүйекке дейін жалғасады.
Қазақстан чемпионатты екі жекпе-жекпен бастайды. Әйелдер арасындағы 54 келі салмақта Элина Базарова рингке шығып, Өзбекстан боксшысы Нигина Уктамовамен жұдырықтасады. Ал ерлер арасындағы 90 келі салмақта Сағындық Төгамбай ағылшын боксшысы Айзек Окоуға қарсы өнер көрсетеді.
Екі қазақстандық боксшы да кешкі бағдарлама аясында жекпе-жек өткізеді. Бұл сессия Астана уақытымен 22:00-де басталады.
Әйелдер, 54 келі салмақта — Элина Базарова – Нигина Уктамова (Өзбекстан)
Ерлер, 90 келі салмақта — Сағындық Төгамбай – Айзек Окоу (Англия)
Еске сала кетейік, 2025 жылғы әлем чемпионатына Қазақстаннан 20 боксшы қатысады — ерлер және әйелдер құрамынан он-он спортшыдан. Кеше жеребе тарту рәсімі өтіп, қазақстандықтар алғашқы қарсыластарын білді. Жеребе нәтижелерінің толық тізімі осы сілтемеде жарияланған.
Қазақстан боксшыларының ӘЧ-нің бірінші күніндегі айқастарына трансляция