Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатында 19 елден 132 спортшы ширек финалға жолдама алды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жүлде үшін күресті жалғастыратындар:
Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары дәстүрлі түрде фавориттер қатарында және ширек финалда бірдей көрсеткішке ие — әрқайсысында 17 боксшыдан бар. Ал қатысушылар саны бойынша көш бастап тұрған — Үндістан, олардың 19 спортшысы келесі кезеңге өткен.
Ширек финалдағы елдер саны:
Үндістан — 19
Қазақстан — 17
Өзбекстан — 17
Моңғолия — 12
Қытай — 12
Жапония — 10
Оңтүстік Корея — 8
Қытай Тайбэйі — 8
Иордания — 7
Тәжікстан — 6
Таиланд — 6
Түрікменстан — 5
Қырғызстан — 5
Солтүстік Корея — 4
Бутан — 2
Филиппин — 2
Индонезия — 2
БАӘ — 1
Вьетнам — 1
Құрлықтық жарыс World Boxing ұйымының қолдауымен 30 наурыз бен 10 сәуір аралығында өтуде.
Жарыста 20 салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынады - оған 115 ер және 79 әйел боксшы қатысуда.
Ширек финалдық жекпе-жектер 4 сәуірде басталады. Жалпы, турнирдің шешуші кезеңіне бастапқыда қатысқан 21 елдің 19-ының өкілдері өтті.