World Boxing халықаралық бокс федерациясы Нью-Делиде (Үндістан) өткен 2025 жылғы әлем Кубогінің финалдық кезеңінің қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Vesti.kz.
Қорытынды кезең нәтижесі бойынша Қазақстан боксшылары бір алтын, бір күміс және алты қола алды.
Жалпы жүлделік есепте Қазақстан бесінші орынға жайғасты.
Жүлделік есепте бірінші турнир қожайындары болды - Үндістан боксшылары тоғыз алтын, алты күміс және бес қола жеңіп алды.
Екінші орында Өзбекстан құрамасы: төрт алтын, бес күміс және төрт қола. Үштікті Англия түйіндеді - екі алтын, бір күміс және үш қола.
Қазақстан құрамасынан Әлем кубогі финалына сегіз ер және бес бұрымды боксшымен барды.
Алтын:
Сұлтанбек Айбарұлы (85 кг)
Күміс:
Нұрбек Мұрсал (70 кг)
Қола:
Жансая Рахымберді (51 кг)
Ұлжан Сәрсенбек (57 кг)
Диана Мағауияева (80 кг)
Әсел Тоқтасын (80 кг-нан жоғары)
Санжарәлі Бегалиев (80 кг)
Даниял Сапарбай (90 кг-нан жоғары).