Өзбекстан Джалоловтың орнына басқа боксшыны таңдады

©instagram.com/bakhodirdjalolov/

Париждегі Олимпиада ойындарында Өзбекстан құрамасының туын алып шығатын спортшылар белгілі болды, деп жазады Olamsport.com.

Бұл жолы Өзбекстан туын бокстан әлем чемпионы Абдумалик Халоков және семсерлесуден Ханчжоудағы Азия ойындарының жүлдегері Зайнаб Дайибекова ұстайды. 

Еске салайық, Токиода өткен Олимпиадаға Өзбекстан туын боксшы Баходир Джалолов пен таеквондошы Нигора Турсунколова алып шыққан еді. Джалолов ол кезде Жазғы ойындардың жеңімпазы атанған болатын. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport